Елімізде тамақ қалдықтары толық өңделмей, әлі де қоқыс полигонына көміліп жатыр. Дегенмен тамақ қалдығын өз бетінше өңдеп, кәдеге жаратудың жолын тапқан экобелсенділер бар. Шымкент тұрғыны Ескендір Құнанбаев көршілердің тамақ қалдығын өз ауласында өңдеп, тамақ қалдығынан ЭМ-концентрат және ЭМ-ургаса атты органикалық тыңайтқыш өндіреді. Құнанбаев тамақ қалдығынан тыңайтқыш өндіру жолын басқа тұрғындарға үйретуге дайын.
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз: