Қазақстанда көп жылдар бойы тұрмыстық қалдықтар мәселесі шешілмей келеді. Қоқыс полигондарында тұрмыстық қалдықтар үйіліп, толып тұрады. 2020 жылы қалдықтармен күрестегі негізгі шешім - алты қоқыс жағу зауытын салу бағдарламасы болды. Бірақ қоғам қайраткерлері мен экологтар зауыттардың қымбаттығына және олардың экология үшін әлеуетті жоғары қауіптілігіне байланысты оның қажеттілігіне күмән келтірді.
2023 жылғы сәуірде экология және табиғи ресурстар министрлігі атлаған бағдарламаны тоқтата тұратынын, алайда бұл идеядан түбегейлі бас тартпайтынын мәлімдеді.
Материалда неліктен қоқыс өртейтін зауыттар тұрмыстық қалдықтарды утилизациялаудың ең жақсы шешім еместігі және оған қандай экологиялық таза балама болуы мүмкін екендігі көрсетілген.
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз:
https://vlast.kz/obsshestvo/58716-kazahstan-v-borbe-s-bytovymi-othodami.html