Атырауда 2003 жылы мерзімі өткен жалғыз қоқыс полигоны жұмыс істейді

Атырауда 2003 жылы мерзімі өткен жалғыз қоқыс полигоны жұмыс істейді
Автор: Айнұр Сапарова. Ментор: Есенгүл Кәпқызы

Атырау облысында қоқыс мәселесі күйіп тұр. Мұнайлы астана атанған Атырау жыл сайын заңсыз төгілген қоқыстан көз ашпай келеді. Атырау облысы бойынша экология департаментінің ақпараты бойынша, былтыр заңсыз төгілген 100 қоқыс орны табылып, соның жартысынан көбі қалада анықталған.Қаланың қатты-тұрмыстық қалдықтарын төгуге рұқсаты бар жалғыз қоқыс полигоны бар. Алайда «заңды» делінген бұл полигонның өзін пайдалану мерзімі асып кеткен және санитарлық талаптарға қайшы. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ақпараты бойынша, аумағы 35 гектарды құрайтын полигон биіктігі бүгінде 15-18 метрге жеткен. Бұл бес-алты қабатты тұрғын үйдің биіктігімен бірдей. Оған күніне шамамен 350 тонна қоқыс төгіледі. Бүгінде онда 3 млн тоннадан астам қоқыс жиналған. Облыста қоқысты азайтудың жолдарын тез арада шешпесе, онсыз да ауасы ең лас қалалардың бірі Атыраудың экологиялық ахуалы нашарлай түспек.

Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз:

https://www.minber.kz/2024/02/atyrauda-23-zhyly-merzimi-otken-zhalgyz-qoqys-poligony-zhumys-istejdi-al-oblys-koleminde-125-million-tonnadan-astam-turmystyq-zhane-kommunaldyq-qaldyq-bar/

 

>