Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) зерттеуіне жүгінсек, ауыл мәртебесіне жетер-жетпес халқы бар елді мекендер еліміздің солтүстік өңірінде басым: мұндай ауылдардың саны Солтүстік Қазақстан облысында 128 бірлікті құрайды (2023 ж. 1 қаңтарына шаққанда).
ERI зерттеуінше, соңғы 10 жылда республика аумағында жойылып кеткен ауылдардың ең көп саны да еліміздің солтүстік өңірінде тіркелген – 269 ауыл.
Материалда Ресеймен шекаралас жатқан Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың әлеуметтік, экономикалық проблемалары мен көші-қон саясатының шикі тұстары талқыланып, шешімдер ұсынылды.
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз: