Ұлттық статистика бюросының мәліметіне жүгінсек, елімізде 6293 ауыл бар. 2012–2019 жылдар ішінде соның 500-ге жуығы тіршілігін тоқтатқан. Қазақстанның экономикалық зерттеулер институтының дерегіне сенсек, 2012–2022 жылдар арасында елдегі ауыл халқы 7,6 миллионнан 7,5 миллионға кеміген. Біріккен Ұлттар ұйымы Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті 2050 жылға қарай Қазақстанда урбанизация көрсеткіші 69,1 пайызға жетеді деп болжайды. Бұл – еліміздің 10 тұрғынының жетеуі қалаға бет түзейді деген сөз. Сондықтан мемлекет қазірден бастап ауылдарды сақтап қалуға бас ауыртуға тиіс. Елді мекендердің отын өшірмес үшін облыстық, аудандық бюджет қаражатымен бірге инвесторлардың маңызы зор. Біз нысанаға алған Ақмола облысындағы екі ауыл да инвестицияға иек артып, сол арқылы жан бағып отырған мекендердің қатарында. Оның бірі алтын өндірісімен аты шыққан Бестөбе болса, екіншісі – Жел электр станциясымен көпшілікке мәлім Бұлақсай. Екінші ауылды келесі мақалаға қалдырып, бүгін Бестөбе туралы айтпақпыз.
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз:
https://malim.kz/article/society/altyn-ondiretin-auyldyn-axualy-alandatady-20497