Қызылорда облысындағы 30-ға жуық ауыл орталықтандырылған ауызсу желісіне қосылмаған. Бұл – Арал ауданы мен Жаңақорған ауданындағы мыңдаған тұрғын. Олар ауыл маңындағы ашық құдық арқылы жерасты суын тұтынып келеді. Аталған қадам әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және санитарлық талаптар тұрғысынан жиі мәселе туындатуда.
Осы орайда «Ауызсу: Мәселенің шешімі неде?» деген атаумен журналистиканың шешімдері жанрында мақала әзірленді. Материалда орталықтандырылған ауызсу желісінсіз отырған халықтың жағдайы баяндалып, нақты кейіпкерлер арқылы оқиғаның себеп-салдары талданған. Сонымен қатар мәселенің шешімдері мен баламалы нұсқалар ұсынылды.
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз:
https://aqmeshit-zhastary.kz/qogam/awyzsw-maeselening-sheshimi-qandaj-70531/