Қазақстанда жыл сайын колониялардан 9 мыңнан 16 мыңға дейін тұтқын босатылады. Бірақ бостандыққа шыққаннан кейін бәрі бірдей қалыпты өмірге орала алмайды. Бұрынғы тұтқындарға жұмыс істеуге тыйым салынады, оларды қоғам айыптап, жақындары тастап кетеді. Сонымен қатар, елде бұрынғы тұтқындарды әлеуметтендірудің біртұтас жүйесі де, осы саланы бақылайтын заң да жоқ. Соның салдарынан бұрын сотталғандардың көпшілігі қайтадан қылмыс жасайды. Жобамыздың резиденті Ақбота Сіләм мәселені шешу жолдарын зерттеді.
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз: