Автор: Людмила Калашникова
Ментор: Мадина Алимханова
Соңғы бес жылда Батыс Қазақстан облысында тоғыз әйел күйеуінің қолынан қаза тапқан. Жыл сайын бірнеше мың әйел күйеуінің ұрып-соғуына және қорлығына шағымданып полицияға жүгінеді, олардың кемінде 400-і кризистік орталықтарда жұбайының жұдырығы мен тепкісінен қорғану үшін көмек іздейді. Бірақ... тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 95%-ға дейінгісі абьюзер күйеулеріне қайта оралады, ал 70%-ға жуығы сот залында «балалар үшін әке керек», «күйеуден кету – ұят» деген себептермен татуласады, шындығында көбінің барар жері жоқ.
Әйелдерге полиция мен кризистік орталықтар арқылы көмек көрсету жеткіліксіз: мамандардың айтуынша, агрессорлардың өздерін де мәжбүрлі түрде психологтардың көмегімен емдеп, мінез-құлқын түзету қажет. Бұл тәжірибе басқа елдерде әлдеқашан қолданылып келеді және тек осындай шара ғана отбасылық зорлық-зомбылықты түбегейлі азайта алады.
*Мақаланың түпнұсқасы орыс тілінде жазылған
Жобан резиденті дайындаған толық материалды келесі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.uralskweek.kz/2025/04/11/strong-bet-znachit-bolen-pochemu-v-kazaxstane-nuzhno-vvesti-prinuditelnoe-lechenie-bytovyx-nasilnikov-strong/