Бұл шаһар жылына 710 мың текше метр суды ысырап етеді
…Іші-сырты әбден ластанған көлігімізді жудырған кезде бизнес нысанның суды қайдан алатынын, әрине, ойлай бермейміз. Болмаса, жер үйдің бақшасындағы көкөністі үй иесі қандай сумен суарғаны да бізді көп мазалай қоймайды. Моншаға түсіп шыққанда, талай елдің адамы бір тамшысына зәру болып отырған таза суға жуыныпшыққанымызды сезінеміз бе? Тіпті, ұлы сөзде ұят жоқ, әжетханаға кіріп-шыққан соң багтағы суды ағызған кезде қаншама таза судың ысырап болып жатқанын білмейтін де шығармыз.
Міне, тіршілігімізге сіңіп кеткен осы қарапайым әдеттер біздегі ауыз су тапшылығын одан сайын тұңғиыққа батырып жатқанын білмейміз, білсек те саналы түрде ол әдеттерді тоқтатпай келеміз. Қазақстан, Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемде қазір су – бейресми түрде жаңа мұнай саналып кеткен. Ол мұнай сияқты таусылатын ресурс әрі оның құны өте қымбат. Сондықтан ауыз суды үнемдеу мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Тұрмыстық деңгейден бастап өндіріс, құрылыс және шаруашылық салаларында су тұтыну қағидаты орнамаған. Еліміздің ірі қалалары, соның ішінде, Оралдың өндірістері мен автокөлік жуу нысандары, монша мен құрылыс, техникалық қызмет көрсету орталықтары техникалық судың орнына ауыз суды қолданады.
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз: https://sarapshy.info/oral-t-r-yndary-k-likti-li-de-auyz-sumen-zhuady-ala-tehnikaly-su-m-selesin-alaj-sheshe-alady/