SJMED (Solutions Journalism in Medicine) жобасы Қазақстандағы медицина және денсаулық сақтау саласындағы журналистік материалдардың сапасы мен кәсібилігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында 50 журналист іріктелініп, вебинарлар сериясы бойынша оқытылады. Аталған елудің ішінен 16 үздік журналист таңдалып, тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен шешім журналистикасы жанрында медициналық тақырыпта бірегей мақалалар жазып шығарады.
Жаһандық COVID-19 пандемиясы коммуникациялық арналардың жұмысын жақсарту, сондай-ақ түрлі ауру-сырқаулар, пандемия және вакцинация жайында баяндаған журналистердің кәсіби білімін арттыру қажеттігін көрсетті. Пандемияға саналы реакция көрсету мен денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы көбінесе азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттандырылған шешімдер қабылдау қабілетіне байланысты.
COVID-19 пандемиясы кезінде жалған ақпараттың таралуы белең алды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы коммуникацияның жаңа түрі - дереу ақпарат алмасу және жаңалықтарды оқу кезінде тек оның тақырыбына мән беріп, мәтінене назар аудармау сынды жаңа медиа әдеттер осы проблеманы ушықтырды. Осы орайда Қазақстан дезинформацияға қатысты, оның ішінде вакцинацияға қарсы науқан аясына байланысты неғұрлым осал елдердің бірі болып шықты.
Google зерттеулері қоғамның дағдарыс кезінде, әсіресе денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты сапалы ақпаратты іздеуге бейім екенін көрсетеді. Қазақстанның ақпараттық кеңістігін объективті және уақтылы ақпаратпен байыту үшін оқыту арқылы пандемияның қауіп-қатеріне жедел ден қоюдағы БАҚ-тың құзыретін арттыру өте маңызды.
Қазақстандық БАҚ коммуникациялық дағдарыстар кезінде халыққа нақты, әртарапты және уақтылы ақпарат бере отырып, өзінің ақпараттық және адвокаттық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алады.
Жобаның мақсаты
SJMED жобасының мақсаты – медициналық мәселелерді баяндау сапасын арттыру және қазақстандықтар арасында нақты әрі сенімді ақпараттың таралуына ықпал ету. Біз журналистердің өз жұмыстарына сауатты әрі жауапты болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Себебі бұл пандемия мен жалған ақпарат кең тараған дәуірінде өте маңызды.
Жоба аясында, пандемияның алдын алу және денсаулық қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты ақпаратты тарату үшін шешім журналистикасы жанрында медициналық тақырыптарға қатысты вебинарлар сериясы өтеді. Іріктеуден өткен 50 журналисттің ішіндегі үздік әрі белсенді 16-сы пандемияның алдын алу, зооноздық аурулар, микробқа қарсы тұрақтылық, вакцинация мәселелері және COVID-19 пандемиясынан алынған сабақтар тақырыптарында мақалалар жазып шығарады.
Шешім журналистикасы жайлы толығырақ - https://solvefuture.kz/solution-journalism-lab