БАҚ-ҚА
Баспасөз-релизі
"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры "Шешім журналистикасы зертханасы" жобасын бастайды

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры "Шешім журналистикасы зертханасы" (Solutions Journalism Lab) жобасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл жоба Қазақстанда және одан тыс жерлерде оң өзгерістер алып келетін, қоғамдағы проблемалардың шешімдерін іздейді және оның жүйелі түрде жүзеге асуын қамтамасыз етеді.  

"Шешім журналистикасы зертханасы" жобаға қатысу үшін іріктелетін кемінде 90 журналист үшін материал жасау үшін "жайлы аймақ" жасайды. Олар техникалық, қаржылық, қажет болған жағдайда заңгерлік және тәлімгерлік қолдау алады. Өңірлік қазақ тілді журналистерге олардың репортаждарын одан да тереңірек және күрделі етуге көмектесу үшін ерекше назар аударылатын болады. 

Жобаның мақсаты:  

"Шешім журналистикасы зертханасы" жобасы мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығы, экономика саласындағы журналистік тергеулер және климаттың өзгеруі сияқты маңызды тақырыптарды объективті жариялауды қолдай отырып, Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігіне үлес қосады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай репортаждар Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың тиісті салалардағы жұмысын сөзбен емес, іс жүзінде жақсартуға итермелейді. Сондай-ақ мұндай жұмыстар оқырмандар мен көрермендерді көбірек қызықтыру арқылы, қазақстандық БАҚ-ты алға жылжытып, дамытуға ықпал етеді. 

Жобаның ерекшеліктері:  

Оқыту: Жобаға қатысатын барлық топ мүшелері, сарапшылар мен журналистер үшін вебинарлар өткізіліп, ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жоба қатысушыларымен шешім журналистикасы жанрында пайдалы және қызықты мақалалар жасауға көмектесетін тәжірибелі тәлімгерлер жұмыс істейтін болады.    

Жарияланымдар: "Шешім журналистикасы" жанрында жасалған жұмыстар БАҚ-та жарияланады. Бұл материалдар кең аудиторияға қол жетімді болады және мақалаларда қарастырылған салаларды жақсартуға ықпал етеді.  

Ынтымақтастық:  Фрилансерлер, блогерлер және өз аудиториясы қалыптасқан инфлюенсерлер де жобаға қатыса алады.  

Қоғам үшін пайдасы: Шешім журналистикасы экономикадағы, климаттың өзгеруіндегі және энергетикалық мәселелердегі тамырын тереңге жайған проблемаларды объективті және  дәйекті түрде зерттеп, фактіге негізделген материалдарды жария етуді қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның барлық азаматтарына пайда әкеледі. Тиісті салаларда инновациялық тәсілдерді қолданатын компаниялар, жобаға қатысушылардың жұмысының нәтижелерінен де пайда көре алады, себебі олардың тәжірибесі кең аудитория тарапынан жоғары бағаланады және компания кәсібінің тұрақтылығына ықпал етеді. 

"Шешім журналистикасы зертханасы" жобасы - Қазақстандағы еркін және жауапты журналистиканың дамуындағы маңызды сәт болмақ. Біз жобаға қатысушыларды, шешімдер журналистикасы арқылы әлемді жақсартуға шақырамыз. 

Бізбен байланыс:  

Email: info@solvefuture.kz  

"Шешім журналистикасы зертханасы" – журналистиканың әлі де төртінші билік екенін дәлелдейтін мүмкіндік.