Жоба фрилансерлерге, блогерлерге, журналистерге және медиа ресурстарға пайдалы болады. Олар жаңа білім алып, соның арқасында жұмыстарының нәтижелерін айқынырақ қылады. Жалпы, жоба БАҚ-та шынайы әрі еркін журналистиканың дамуына септігін тигізеді.
"Шешім журналистикасы" аясында әзірленген шешімдер, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарға тың серпіліс алып келеді.
Сонымен қатар "шешім журналистикасы", осы жанрдағы материалдарда және мақалаларда қарастырылған тақырыптармен айналысатын зерттеу орталықтары мен ғалымдарға да пайдалы болады. Олардың жұмыстарына практикалық және тиімді шешімдерді табуға көмектеседі.
Тиісті салаларда инновациялық тәсілдерді қолданатын компаниялар жобаға қатысушылардың жұмысының нәтижелерінен де пайда көре алады, себебі олардың тәжірибесі аудитория тарапынан жоғары бағаланып, компания кәсібінің тұрақтылығына ықпал етеді.