Мақалалар немесе сюжеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың ортақ белгілері бар. Олар мәселенің мәнін ашады, оны шешудің жолдарын ұсынады және бұл шешімдердің қалай және неге жұмыс істейтінін (немесе жұмыс істемейтінін) көрсетеді.
Шешім журналистикасы қоғамға нақты мүмкіндіктерді көруге және туындаған мәселелерге тиісті жолмен жауап беруге жол ашады. Бұл пайдалы тәжірибені таратуға және азаматтарды өздері күнделікті бетпе-бет келетін мәселелерді шешуге белсенді ат салысуға көмектеседі. Сондай-ақ, шешім журналистикасы өкілетті тұлғаларға дәйекті, қажетті әрі тиімді шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Solutions Journalism-нің негізгі қағидалары:
Баланс: Solutions Journalism мәселені сипаттау мен оның ықтимал шешімдері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Бұл көрермендер мен оқырмандарға күрделі мәселелерге қатысты толық түсінік алуға мүмкіндік береді.
Тиімділіктің дәлелі: Solutions Journalism-нің маңызды бөлігі - ұсынылған шешімдердің тиімділігін талдау. Журналистер тәжірибе жүзінде қандай әдістер мен стратегиялар жұмыс істейтінін зерттейді.
Қоғамның қатысуы: Шешім журналистикасы қоғамның мәселелері мен оларды шешудің ықтимал жолдары туралы диалогқа белсенді түрде ат салысуын қамтамасыз етеді. Бұл азаматтық белсенділікті арттырып, қоғамдық сананы қалыптастыруға және бірлескен шешімдерді іздеуге ықпал етеді.
Неліктен бұл бағыт маңызды?
Solutions Journalism - проблемаларға үнемі назар аудара отырып, туындауы мүмкін "ақпараттық шаршау" мен үмітсіздікпен күресуге көмектеседі. Бұл жанр адамдарды шабыттандырады және ынталандырады, оларға үміт береді және жағдайды жақсартудың нақты жолдарын ұсынады. Сонымен қатар, ол көрермендер мен оқырмандарды жай ғана пассивті сыншылар емес, қоғам өмірінің белсенді қатысушыларына айналдырады.
Бұл бастама мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығы, экономика саласындағы журналистік тергеулер және климаттың өзгеруі сияқты маңызды тақырыптарды объективті жариялауды көтермелей отырып, Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігіне үлес қосады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай репортаждар Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарды тиісті салалардағы жұмысын сөзбен емес, іс жүзінде жақсартуға итермелейді. Бұл сондай-ақ қазақстандық БАҚ-ты ілгерілетуге және дамытуға ықпал етеді, өйткені оқырмандар мен көрермендерді көбірек тартатын болады.
Жобаға қатысатын барлық топ мүшелері, шақырылған сарапшылар мен журналистер діни, этникалық, мәдени және тілдік төзімділікке үйретіледі. Барлық ықтимал жұмыстар қосымша құқықтық, лингвистикалық және сараптамалық талдаудан өтеді.
Solutions Journalism Lab II (Шешім журналистикасы зертханасы II) тәуелсіз БАҚ-тың кемінде 15 редакциясымен жұмыс істейтін болады. Фрилансерлер, блогерлер және өз аудиториясы қалыптасқан инфлюенсерлер де жобаға қатыса алады.
Solutions Journalism Lab әлемді жақсы жаққа өзгертетін шешімдерді табуға және оларды көбейтуге арналған. Біз сізді мәселелердің оң шешімін табуға көмектесетін қызықты журналистикалық саяхатқа қосылуға шақырамыз.
Ағылшын тіліндегі "шешім журналистикасы" жанрында жазылған мақалалар:
"Бұл - өліп жатқан тау-кен қалашығы емес, бұл - денсаулық сақтау саласын қайта қарап, табысқа жеткен Батыс Вирджиния қауымдастығы". 100 Days in Appalachia журналында жарияланған.
"Детектив режимі", The Philadelphia Citizen журналында жарияланған.
"Олар мені көріп, ең жаманын ойлады", The Times-Picayune/The New Orleans Advocate-пен бірлесе отырып, WRKF және WWNO серіктестігімен ProPublica желісі үшін дайындалған.
"Көрінбейтін қалқан: белсенділер мен заң шығарушылар шартты иммунитетті қалай бұзады", Amsterdam News жариялаған.
"Топырақ - біздің күнкөрісіміз және біз оны жақсырақ қорғауымыз керекпіз, әйтпесе құрдымға кетеміз", Montana Free Press-те жарияланған.
"Фермерлер мен малшылар қатар тұратын Насарава қауымдастығындағы өмір", Абдулкарим Моджид, Premium Times-те жарияланған.
"Lifespan' s partners in Caring бағдарламасы деменциямен ауыратын егде жастағы адамдардың өмірін қалай өзгертеді", Наталья Родригес Медина, Democrat and Chronicle-те жарияланған.
"Түрмедегі Шекспир" бағдарламасы қашудан гөрі жақсы", Сара Уильямс, Model D.
"Хьюстонның 25 000 баспанасыз тұрғыны қалай үйлі болды", Майкл Киммелман және Люси Томпкинс, The New York Times- те жарияланған.