Алматыда «БАҚ-тағы тұрмыстық зорлық-зомбылық: мәселелер мен шешімдер» атты дөңгелек үстел өтті

Алматыда «БАҚ-тағы тұрмыстық зорлық-зомбылық: мәселелер мен шешімдер» атты дөңгелек үстел  өтті фото: SOLUTION JOURNALISM LAB

6 қарашада Алматыда журналистерге арналған Алматыда «БАҚ-тағы тұрмыстық зорлық-зомбылық: мәселелер мен шешімдер» тақырыбындағы дөңгелек үстел мен практикум өтті. Шара «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры  ұйымдастырған «Шешім журналистикасы зертханасы-II» жобасы аясында, Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен өткізілді. 

Қатысушыларға сәлемдесу сөзін Ұлыбритания Елшілігінің саясат және басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі Лариса Канафина арнады. 

Жыныстық теңдік мәселелері бойынша халықаралық сарапшы Аида Альжанова қатысушыларға Қазақстандағы тұрмыстық зорлық жағдайы, бұл мәселенің елдің әлеуметтік және экономикалық ахуалына әсері және отбасылық-тұрмыстық зорлықпен күреске бағытталған қабылданған шаралар туралы баяндады. «Шешім журналистикасы зертханасы-II» жобасының қатысушылары — Людмила Калашникова, Жадыра Мүсілім және Тәуірбек Бозекенов — осы тақырыптағы материалдарды шешім журналистикасы жанрында қалай даярлағандары туралы сөз етті. 

Екінші сессияда іс-шараға қатысушылар — тәжірибелі журналистер мен Қазақ-америкалық университетінің журналистика факультеті студенттері — бірлесіп «Ықпал ету картасын» дайындады — отбасылық-тұрмыстық зорлық сияқты күрделі тақырыптармен ең тиімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін алгоритм. 

>