Solutions Journalism Lab
Қоғамдағы оң өзгерістердің себепшісі бол

«Шешім журналистикасының зертханасы» - адамдардың мәселені қалай қабылдайтынын түбегейлі өзгертіп, оны шешетін және сол арқылы қоршаған әлемді өзгертетін жоба. Себебі шешім журналистикасы қоғамда белең алған кемшіліктерді анықтап қана қоймай, олармен күресудің ең тиімді жолдарын іздеп, табуға көмектеседі. 

Шешім журналистикасы - салыстырмалы түрде жаңа жанр болғанымен, өзін көпшілікке тигізетін пайдасы бар жанр ретінде дәлелдеп берді. Басқа елдердің тәжірибесіне сүйенсек, аталған жанр БАҚ-тағы өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешу жолдарын көрсететіп, оны түсіндіріп береді. Ал бұл қоғамдағы коммуникацияның бағытын өзгеретеді. Адамдар өзара айыптаудан конструктивті диалогқа көшеді және бірлесіп әрекет етудің арқасында бәріне тиімді шешімді тауып, оны жүзеге асырады.  

Шешім журналистикасының негізгі элементтеріне мыналар жатады: мәселені зерттеу, оны шешу, кейбір жағдайларда оң тәжірибесін көрсету, тиімділік дәлелдерін ұсыну, табылған шешімдерді қолдануға кедергі болатын шектеулерді талқылау және т.б. 

«Шешім журналистикасының зертханасы»: 

- Жобаға қатысушы журналистерге оқу, кәсіби даму, қаржылық және заңгерлік жағынан қолдау көрсетеді. 

- Қажетті деректерді жинауға және мақала жазуға көмек береді (бейне-сюжет жасау). 

- Шешім журналистикасы жанрында жасалған материалды жариялайды. 

Журналистика әлемді өзгертсе,  шешім журналистикасы оны жақсы жаққа қарай бағыттайды.