Адамзат үшін қауіпті жұқпалы аурудың үш жүзден астам түрі болса, соның басым бөлігі климат өзгеруінен туындаған. Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, күйдіргі, тырысқақ, безгек, Лайма ауруы, Батыс Ніл, Зика сияқты бактериялық және вирустық аурулар жаһандық жылыну, құрғақшылық, аптап ыстық, орман өрті, су тасқыны мен теңіз деңгейінің көтерілуі салдарынан таралады дейді. Атап өту керек, биыл Қазақстанның көп бөлігінде су тасқыны орын алды. Тасқын инфрақұрылымдарды бүлдіріп, бөгеттерді бұзды, су қоймаларын қиратты. Апат экожүйеге әсер етіп қана қоймай, вирустық инфекциялардың таралуы қаупін тудырды. Осы орайда туындайтын сұрақ - табиғи апаттан кейінгі індеттен қалай сақтанамыз, шешімі қандай?
Осы сұрақтарға жауапты Дана Нұрмұханбеттің материалынан біліңіз:
Фото: adyrna.kz