Қаржы министрлігінің ресми мәліметіне сенсек, елімізде лицензия алып, тіркелген 13 букмекерлік кеңсе бар. Ал заңсыз көлеңкеде істейтін операторлар саны 4000-ға жетеді. Олар салық төлемейді, мемлекет пен ойыншы алдында ешбір жауапкершілігі жоқ. Қазір парламент осы бизнесті реттеу үшін заңнаманы күшейтіп жатыр. Сыртқы жарнамаға, мемқызметкерлер мен әскерилерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салды. Енді букмекерлердің қаржы айналымын бақылайтын жаңа орган құрылмақшы. Бірақ сарапшылар жаңа өзгерістер заңды ойыншылардың тынысын тарылтып, көлеңкедегі букмекерлердің көбеюіне себепкер болатынын айтады. Заңсыз букмекерлермен күресудің шешімі бар ма? Құмар ойын нарығын ашық әрі қоғам үшін тиімді ету үшін не істеуге болады?
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз: https://kz.kursiv.media/kk/2025-04-15/slbt-bughattalghan-4000-sajt-koelengkedegi-bukmekerlerdi-qalaj-tizgindejmiz/