Маңғыстау тұрғындары сусыз қалуы мүмкін. Өйткені Каспий теңізі қатты зардап шегіп жатыр. Ғалымдар алдын алмаса, ХХІ ғасыр соңына қарай теңіздің Қазақстандағы бөлігі шөлге айналу қаупі барын айтады. Бес елдің шекарасында жатқан алып көл тартыла берсе, үлкен экологиялық апат ондағы тіршілік пен экономикаға зиянын тигізеді. Теңіз деңгейінің төмендеуі бірегей экожүйелерге және қоныс аударатын құстарға, соның ішінде Каспий теңізінің солтүстігіндегі мұзда төлін өсіретін итбалыққа әсер етеді. Бассейннің ең таяз солтүстік бөлігін құрғату итбалық популяциясының жойылуына әкеледі. 2024 жылы 24 қазан мен 18 қараша аралығында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында ғана Каспий жағалауынан 1155 итбалық өлексесі табылған. Бұлай жалғаса берсе, теңіз де, ондағы тіршілікті жойылады. Ал оның алдын алу үшін не істемек керек?
Жоба резиденті дайындаған толық материал төменде көрсетілген: