
Кенжекей Тоқтамұратқызы
Журналист, «Azattyq-ruhy» агенттігі қазақ редакциясының шеф-редакторы
Кенжекей Тоқтамұратқызы – кәсіби журналист, 16 жылдан бері журналистикада үздіксіз жұмыс істеп келеді. 2011 жылы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «журналистика» факультетінде бакалавр, 2016 жылы магистр дәрежесін алған.
«Ел» газеті, Bnews.kz, «ҚазАқпарат» ХАА, informburo.kz, Azattyq-ruhy ақпарат агенттіктерінде жұмыс істеген. «7 арна», «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен «Хабар» агенттіктерінде әлеуметтік-саяси бағдарламалардың тікелей эфирінде шеф-редактор болған. Қазақстанда бірнеше жаңа ақпарат агенттіктерінің редакцияларында ашылған күнінен бастап жұмыс істеген. Bnews.kz, informburo.kz, Azattyq-ruhy ақпарат агенттіктерінің қазақ редакциясындағы алғашқы журналистердің бірі.
Ақорда, Сенат, Мәжіліс, үкімет кулуарында тынымсыз еңбек етіп, Қазақстанда қазақ тілінің дамуы, әлеуметтік қордаланған мәселелер мен экономикалық өзгерістерді талдайды.
Қазір «Azattyq-ruhy» ақпарат агенттігі қазақ редакциясының шеф-редакторы.