Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде халықтың үштен бірі токсоплазмозды симптомсыз түрде бастан өткереді дейді. Иммунитеті қалыпты адамдар үшін ол қауіпті емес, бірақ токсоплазмозбен ұшырасып көрмеген жүкті әйелдер үшін оның салдары ауыр болуы мүмкін. Жоба қатысушысы Мөлдір Жұмабаева мақалада токсоплазмоздың алдын алу мен сақтану шаралары қандай және жүкті әйелдер ол туралы не білуі керек деген сұрақтарға жауап іздейді.
Резиденттердің жариялымдар
«Құрсақтағы балаға қауіпті». Аяғы ауыр әйелдер токсоплазмоз туралы не білуі керек?
28 Қараша 2024
Материал авторы: Мөлдір Жұмабаева. Материалды дайындауда көмек көрсеткен тәлімгерлер: журналист Елнұр Әлімова және QazMed медқызметкерлер кәсіподағы төрағасының кеңесшісі Елжан Біртанов.