Біз Қазақстандағы медицина және денсаулық сақтау саласындағы журналистік материалдардың сапасын арттыруға бағытталған SJMED (Solutions Journalism in Medicine) жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз. Жобада 50 журналист оқытылып, үздік 16 журналист тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен мақала жазады.
Бұл неге маңызды?
COVID-19 пандемиясы журналистер мен сарапшылардың денсаулыққа қатысты мәселелерді хабарлау кезінде тиімді ынтымақтасуының қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемиядан бері денсаулыққа қатысты жалған ақпарат өзекті мәселеге айналды. Қазір азаматтардың саналы шешімдері тексерілген және сенімді ақпаратқа байланысты, сол себепті мұнда журналистердің рөлі маңызды.
Жобаның мақсаты
SJMED жобасының мақсаты - медициналық мәселелерді жариялау сапасын жақсарту және Қазақстан халқы арасында сенімді ақпарат таратуға ат салысу. Біз журналистердің өз жұмысында сауатты және жауапты болуына ықпал етуге тырысамыз, бұл әсіресе жалған ақпарат кең таралған пандемия дәуірінде маңызды.
Оқыту және іріктеу
SJMED жобасы журналистке денсаулық сақтау мәселесін жазғанда сауатты болуға көмектеседі. Вебинарға қатысушылар медициналық тақырыпты түсінуді және шешім журналистикасы жанрында материал жазуды үйренеді. Жоба қатысушыларымен медицина және журналистика саласындағы үздік сарапшылар жұмыс істейді.
Қатысушылар қандай мүмкіндіктерге ие болады?
SJMED жобасының сіздерге ұсынатын мүмкіндіктері:
• Кәсіби өсу: репортерлік дағдыны жетілдіру.
• Тәлімгерлік қолдау: тәжірибелі тәлімгердің жетекшілігімен жұмыс.
• Оң өзгерістерге қатысу: елдегі ақпараттың сапасына әсер етеді.
• Материалдарды дайындау кезінде журналистерді қолдау.
• Құқықтық көмек: материалдарды дайындау мен жариялауға қолдау.
Жобаға қалай қатысуға болады?
Біз журналистерді, блогерлерді және фрилансерлерді жобаға қатысуға шақырамыз. Ол үшін сізде:
• Журналистикада немесе блог жүргізуде кемінде үш жыл тәжірибесі болуы керек. Медициналық тақырыпта материал дайындау тәжірибесіне басымдық беріледі.
• Жобаның мақсатын түсіну және қолдауыңыз керек.
• Жобаға уақыт пен күш жұмсауға дайын болуыңыз керек.
• Этикалық принциптер пен белгіленген уақыт мерзімін сақтау.
Қатысуға өтініштер 2024 жылдың 15 шілдесіне дейін қоса алғанда қабылданады. Жобаға қатысу үшін сауалнаманы сілтеме арқылы толтырыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін info@adilsoz.kz электрондық поштасына немесе +7 777 400 2210 нөміріне жазыңыз.
Форматы: Онлайн
Орналасқан жері: Қазақстан
SJMED жобасы Қазақстанда еркін және жауапты журналистиканы дамытуға маңызды қадам болып, ақпараттандырылған және салауатты қоғамның орнауына ықпал етеді. Журналистер мен медиа ұйымдар екі журналист ұсына алады. Фрилансерлер мен блогерлер өздері өтінім береді.