"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры "Шешім журналистикасының зертханасы" жобасының екінші легіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Жоба журналистер, блогерлер және инфлюенсерлер үшін қоғамдағы өткір мәселелерді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың тиімді шешімін табуға бағытталған журналистиканың жаңа озық жанрында өзін сынап көрудің бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Бұл жоба сонымен қатар, медиа салада кәсіби беделін нығайтып, аудиториясын көбейтіп, оны белсенді еткісі келетін, жарияланатын материалдарға деген сенім деңгейін арттырып, мемлекеттік және жеке құрылымдармен өзара іс-қимылды жеңілдеткісі келетін ақпарат құралы үшін жаңа бастама.
Жобаның қатысушылары тренингтер, тақырыпты зерттеу, материалды дайындау және жариялау сынды мүмкіндіктерге ие болады. Сонымен қатар, жобада қатысушылар үшін стипендия, керек болған жағдайда іссапар және ақылы деректер базасына қолжеткізу мүмкіндігі қарастырылған.
Жобаға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі 2023 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.
Жобаға қатысу үшін өтінішті екі жолмен беруге болады:
- Өз бетінше
- БАҚ-серіктестің бас редакторының ұсынысы бойынша
Өтінішті мына сілтеме арқылы бере аласыз. Толық ақпаратты жобаның ресми сайтында, info@solvefuture.kz электронды поштасы және +7 777 400 2210 телефоны арқылы алуға болады.