"Шешім журналистикасының зертханасы" жобасының 2-легіне өтінімдер қабылдау аяқталды

фото: SOLUTION JOURNALISM LAB

Құрметті үміткерлер мен әріптестер!

Біз "Шешім журналистикасының зертханасы" жобасының екінші легіне өтінімдерді қабылдау аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Біз талантты журналистерден, блогерлерден және инфлюенсерлерден мәселелердің сындарлы шешімдерін табуға бағытталған журналистік жобаларды жүзеге асыруға дайын көптеген өтінім алдық.

Біздің команда барлық өтінімді қарастырып жатыр. Жобаның екінші легіне өткен үміткерлер жақын арада электронды пошталарына жеке хабарлама алады.

"Шешім журналистикасының зертханасы" жобасының іріктеу сынына қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз және маңызды хабарландырулар үшін байланыста болуыңызды сұраймыз.

>