23.02.2024 жылы Астанада "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры "Solutions Journalism Lab" - "Шешімдер уақыты" жобасы бойынша қорытынды конференция өткізді.
"Solutions Journalism Lab" - шешім журналистикасының өте маңызды, қажетті және дәл қазіргі сәтте өте қажет жобасы. Бұл-БАҚ-тың халықаралық жаңа тренді, ол проблемалар мен күрделі жағдайларды сипаттап қана қоймай, сонымен бірге нақты және қажетті шешім ұсынады.
“Әділ сөз” бұл жобаға 400 сайыскердің ішіндегі ең үздік 50-ден астам журналисті таңдады. Олар үшін журналистика жанрының ең үздік мамандарының шеберлік сыныптары мен тренингтері өткізілді. Жобаға қатысушылардың жұмыстары жұртшылыққа ұсынылып, оң фидбектерге ие болды. Қысқа уақыт ішінде олар 1,5 миллион қаралым, 120 мың пікір жинады. Жоба қорытындысы бойынша 2 шешім қабылданып, 3 мәселе қаралуда.
Салтанатты іс-шарамызда біздің қатысушылар өз жобаларын, қорытындылары мен ұсынған шешімдерін таныстырды.
- Ботагөз Омарова "қара геологтардың" тонналап бағалы минералдарды сыртқа шығару туралы жобаны ұсынды.
- Жәния Әбдібек ҚҚС көтерудің оң және теріс жақтары туралы мәселе көтерген бейнематериалын таныстырды.
- Аян Орибаев сүт өнімдерінің индустриясы мен импорты мәселелері туралы тақырыпты көтерді.
- Нұрлыбек Рахманов БҚО-да киіктер санының азаюы және проблеманы шешу жолдары туралы репортаж ұсынды.
- Ғалия Бисейт эко-қайраткер Ескендір Құнанбаев ойлап тапқан тамақ қалдықтарын қайта өңдеу тәжірибесіне сүйеніп, нақты шешімін ұсынды.
"Әділ сөз" қоры атынан барлық қатысушыларға Қазақстандағы шешімдердің журналистикасын дамытуға қосқан үлесі мен қызығушылығы үшін алғыс айтқымыз келеді. Біз бірге әлемді өзгерте алатын төртінші биліктің бір бөлігіміз.