Ауылды сақтап қалу: ауыл тұрғындары өз мекенін жойылудан қалай құтқарып жатыр

Ауылды сақтап қалу: ауыл тұрғындары өз мекенін жойылудан қалай құтқарып жатыр

Автор: Майя Шуақбаева

Ментор: Айнур Коскина

Павлодар облысындағы Кузьмино ауылының тұрғындары өз күштерімен ауылды жойылудан құтқаруда. Өткен жылдың жазында жергілікті мектепте тек бір ғана оқушы қалған еді, сондықтан білім ошағын жабу мәселесі іс жүзінде шешіліп қойған болатын. Ауыл тұрғындары Кузьминоны жалғызбасты аналар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына айналдырды. Олар көмекке мұқтаж әйелдерге тұрғын үй, жұмыс және өмірге қажетті барлық жағдайды ұсынды. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалармен салыстырғанда, Кузьмино тұрғындарының бастамасы нақты нәтиже берді. Бүгінде мектепте 13 оқушы және осыған жуық мектеп жасына дейінгі балалар оқып жатыр. Дағдарыс ауылы балама орталықтар мен баспаналардан ерекше: мұнда қиын жағдайға тап болған әйелдерге тұру мерзімі шектелмейді. Келгендер бұл жерде тұрақтап қала алады, әрі әрқайсысына жұмыс пен баспана беріледі.

Соңғы үш жыл ішінде елдің географиялық картасынан 116 ауыл жойылды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың басында елде 6 295 ауыл болған, 2024 жылдың қаңтарында олардың саны 6 256-ға, ал биылғы жылдың қаңтарында 6 179 ауылға дейін қысқарды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша, бұл теріс үрдіс жалғасып, 2027 жылға қарай ауылдар саны 5,9 мыңға дейін азаюы мүмкін.

*Бейнематериалдың түпнұсқасы орыс тілінде дайындалған 

Жоба резиденті дайындаған материалға сілтеме:

>