Автор: Ольга Лихограй
Ментор: Айнұр Коскина
Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында үш қоқыс өртеу зауытын салу мәселесі қайтадан белсенді түрде қозғалды. Көктемде ҚР Үкіметі Алматыдағы алғашқы зауыттың құрылысы осы жылдың жазында басталатынын да мәлімдеген болатын. Негізгі себеп – елдегі барлық полигонда жиналып жатқан қоқыстың көптігі.
Өз материалында автор Қазақстан үшін өзекті тақырыпты көтерді. Көптеген қаладағы қоқыс полигондары әлдеқашан толып кеткен. Қоқыс үйінділері бақылаусыз жанып жатыр, ал экологтар қоқыс өртеу зауыттары қауіпті деп есептейді. Шенеуніктер, керісінше, еуропалық тәжірибеге сүйеніп, қоқысты өртеу қажет дейді және осыған байланысты зауыттар салғысы келеді. Алайда Еуропаның өзінде қоқыс өртеуден бас тартып, қайта өңдеуге басымдық берілуде. Бұл экологияны сақтап, қоқыс мәселесін шешіп, экономиканы дамытуға тамаша мүмкіндік. Осындай дайын шешімдердің үлгілері Қазақстанда да бар, олар туралы толығырақ мақалада.
*Мақаланың түпнұсқасы орыс тілінде жазылған
Жоба резиденті дайындаған толық материалды келесі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=56985