Автор: Антон Сергиенко
Ментор: Айнур Коскина
Шығыс Қазақстандағы Алтай кеншілер қаласы құмырсқа илеуін еске салады. Қаланың қазіргі тіршілігі Малеев кен орнының айналасында шоғырланған: бұл жерде мыңдаған отбасы жұмыс істейді, мектептер, ауруханалар мен жолдар осы кеніштің есебінен жұмыс істеп тұр. Мұнда төрт тарапқа кен тиелген ауыр жүк көліктері ағылып, шахтерлерді таситын көліктер жүреді, қызмет көрсетуші ұйымдар тынымсыз жұмыс істейді. Алайда полиметалл кендерінің қоры таусылып барады. Пайдаланылған шахталар бекітіліп, қажетсіз құмырсқа жолындай жабылып жатыр. Екі-үш жылдан соң бұл кен орны мүлде жабылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде көптеген тұрғындарды табыссыз қалдырып, қаланың бюджетіне де ауыр соққы әкеледі. Алтай — Қазақстандағы тау-кен өндірісіне тәуелді 15 моноқаланың бірі. Мұндай қалалар үшін кен орындарының жабылуы – нағыз күйреумен тең. Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол бар: ол – экономиканы әртараптандыру. Әсем таулардағы туризмді дамыту мен жаңа өндірістерді іске қосу арқылы бұл елдімекенді құтқаруға болады. Экономикалық апаттың алдын алуға әлі де мүмкіндік бар.
*Мақаланың түпнұсқасы орыс тілінде жазылған
Жоба резиденті дайындаған толық материалды келесі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://factum.kz/2025/121728/