Төрт қабырғадан тыс өмір. Ерекше баласы бар ата-аналардың жұмыс істеуі мен сауығуына қажет шешім

Төрт қабырғадан тыс өмір. Ерекше баласы бар ата-аналардың жұмыс істеуі мен сауығуына қажет шешім

Автор: Ақмарал Есімханова
Ментор: Жәнібек Нұрыш

2007 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы қарар қабылдап, қоғамды аутизмі бар адамдардың мәселелеріне назар аударуға шақырды. Бастаманың мақсаты осы жағдайды жақсырақ түсіну және қолдауды күшейту болды. Ол кезде аутизм 100 000 баланың біреуінде анықталса, бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді.

Қазақстанда 2019 жылы «аутизм» диагнозы 3 568 балаға қойылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 12 456-ға жетті. Әрбір ерекше баланың өмірі – бөлек тағдыр. Бала да, оның ата-анасы мен қамқоршылары да қолдауды қатты қажет етеді. Бұл мақалада біз қазіргі қоғамның ең күрделі мәселелерінің бірін көтеріп, оны шешудің ықтимал жолдарын ұсынамыз.

Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.minber.kz/2025/04/tort-qabyrgadan-tys-omir-erekshe-balasy-bar-ata-analardyng-zhumys-isteui-men-sauyguyna-qazhet-sheshim/