Қазақстанда картридждер қалай утилизацияланады?

Қазақстанда картридждер қалай утилизацияланады?

Автор: Дәурен Ерболатов

Ментор: Қалима Тәжіқұл

Жыл сайын елімізде шамамен 4,5 млн тонна қоқыс түзіледі. Оның шамамен 25,8% қайта өңделеді. Бұл негізінен контейнерге түсетін қауіпсіз қалдықтарға байланысты дерек. Мұны ескерсек, қауіпті қалдықтар санатына жатқызылатын принтер картриджін қоқысқа тастауға бола ма, оны қалай өңдеп жүрміз және бұл мәселеге кімдер жауап береді деген сұрақ туындайды. 

Қазақстанда принтер картридждері электр‑электронды жабдық қалдықтары санатына жатқызылады. Сондықтан оны коммуналдық қалдықтармен бірге тасталуға болмайды. Экологиялық кодекстің 293‑баптың 2‑1 тармағына сәйкес, оларды бөлек жинап, арнайы лицензияланған қабылдау орындарына тапсыру қажет. Алайда қарапайым тұрғындарға бұл орындарға қауіпті қалдықтарды апарып тастау оңай емес. Себебі, тиісті инфрақұрылым қалыптаспаған. Тіпті, ескі картриджер тұрмыстық қалдықтармен бірге қоқысқа тасталып жатыр деген қауіп те жоқ емес.

Жоба резиденті дайындаған толық материалды келесі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://kz.kursiv.media/kk/2025-07-15/drnr-qazaqstanda-kartridzhder-qalaj-utilizacziyalanady/

>