Асия Акишева
Журналист, редактор, медиасарапшы, Forbes.kz сайтының қазақша контентінің редакторы.
Журналистика саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, отандық әртүрлі медиаресурстарда редакторлық қызмет атқарған (қазақ және орыс телдерінде). Қазақ тіліндегі ең алғашқы экономикалық басылым «Қазақстан іскері» газетінің (2008–2016) негізін қалап, бас редакторы болған.
Іскерлік журналистика бойынша халықаралық ұйымдардан сертификат алған медиатренер.«Практическая журналистика в Казахстане (2006/MediaNet, Қазақстандағы OSCE, FSK), «Іскерлік журналистика: Экономика, қаржы, бизнес туралы қалай жазу керек?» (2019/Мінбер, Қазақстандағы АҚШ елшілігі) сынды көмекші оқу құралдарының кеңесші авторларының бірі. Қазақ тілінде экономикалық контент құруға, салалық журналистиканы дамытып, ілгері жылжытуға және қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға негізделген бірқатар медиажобаларға кеңесші, сарапшы ретінде қатысып жүр.
Орталық Азия елдері аясында өткізілген Media Camp Award журналистік байқауының (2019 – 2023) қазылар алқасында Қазақстанның өкілі болған. Қазірде бұқаралық ақпарат құралдарындағы intercultural communication (мәдениетаралық коммуникация) көріністері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеуге ден ойған.(P.S. Forbes.kz сайтындағы материалдары Дәрия Кемер шығармашылық псевдонимімен берілген).