Оксана Акулова
Журналист, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты
Оксана Акулованың журналистикадағы еңбек өтілі - 20 жыл. Ол әлеуметтік тақырыптарда, әсіресе медицина жайлы көп жазады. Қызықты кейіпкерлерді тауып, олардың тарихын айтуды ұнатады.
Vlast интернет-журналының бірнеше жобасының идея авторы : Қазақстандағы трансплантология туралы «Лист ожидания», ауыр диагноздар мен паллиативтік көмек туралы «Вопрос жизни и смерти». «Прививка»: что вы хотели знать о вакцинации, но боялись спросить» жобасының бірлескен авторы.
Қанат Бейсекеев пен Қайрат Нұрмұғамбетовпен бірге түсірілген «Лист ожидания» фильмінің бірлескен авторы.
Алматылық кәмелетке толмағандардың фашизмнің тұтқындары туралы мақалалар сериясы үшін Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Олардың естеліктері «До сих пор больно…» кітабына негіз болды.