"Шешім журналистикасының зертханасы" – бұл журналистер мен ақпарат саласында қызмет ететін мамандарға өздерінің кәсібилігін арттыруға, қызықты тақырыптардың тұрақты көзін табуға және өз қалаларында, аймағында немесе еліміздегі оң өзгерістердің бір бөлігі болуға шақыратын жоба. Аталған жоба – медиа салада кәсіби беделін нығайтып, аудиториясын көбейтіп, оны белсенді еткісі келетін, жарияланатын материалдарға деген сенім деңгейін арттырып, мемлекеттік және жеке құрылымдармен өзара іс-қимылды жеңілдеткісі келетін ақпарат құралына арналған мүмкіндік.
Жоба барысында тренингтер, тақырыпты зерттеуді, материалды дайындау және жариялауды қамтиды. «Шешім журналистикасының зертханасына» қатысушыларға стипендия, іссапарлар төленеді және ақылы деректер базасына қолжеткізу мүмкіндігі беріледі.
Жобаның бірінші легіне қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады.
Жобаның бірінші легі өз жұмысын 2023 жылдың 27 желтоқсанында аяқтайды.
Жобаға қатысу үшін өтінішті екі жолмен беруге болады:
- Өз бетінше
- БАҚ-серіктестің бас редакторының ұсынысы бойынша
Өтінішті solvefuture.kz сайтына кіру арқылы бере аласыз. Толық ақпаратты жобаның ресми сайтында, info@solvefuture.kz электронды поштасы және +7 777 400 2210 телефоны арқылы алуға болады.