Автор: Балжан Смаилова
Ментор: Елнұр Әлімова
Қазақстанда кейінгі 4 жылда аутизм диагнозы қойылған балалар саны 3 есеге өскен. Президен Тоқаев та елімізде ерекше балалар саны артып келе жатқанын алға тартып, орталықтар санынын көбейтуді тапсырды. Жыл соңына дейін жаңа заң жобасы да әзірленіп жатыр. Бұл деректі фильм аутизм диагнозы қойылған балалардың шынайы өмірін 5 жасар Жәнібектің күнделікті тіршілігі арқылы көрсетеді. Жоба аутизмге қатысты қоғамдағы стереотиптерді бұзып, ерекше балаларды қолдау жүйесінің олқылықтарын көтереді. Автор баланың ішкі әлемін поэтикалық монологпен жеткізіп, шетелдік тәжірибелер мен отандық орталықтарды салыстырады.
Жоба резиденті дайындаған материал: