Автор: Асқар Ақтілеу
Ментор: Жәнібек Нұрыш
Батыс аймақтағы азаматтық қоғамның ахуалы қандай? Tilshinews.kz Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жұмысты саралады. Ақтөбе облысында азаматтық секторда мәселе көп. Көршілес облыстарға қарағанда, даму байқалмайды. Ұрпақтар сабақтастығы үзіліп барады. Өкінішке қарай, Азаматтық форум сынды үлкен жиындарда әлеуметтік мәселелердің орнына қызметтегі талас-тартыс, ақша мәселесі жиі көтеріледі. Осы салада жүрген белсенділерді сөзге тартқанда байқағанымыз осы.
«Сырткөз байқампаз болады» дегендей, әлеуметтік желілерден көршілес Атырау мен Маңғыстау облыстарында азаматтық қоғам, яғни үшінші сектордың әлдеқайда белсенді жұмыс істейтінін көруге болады. Жобалары да ерекше, азаматтық сектор өкілдері де әлдеқайда тиімді әрекет етеді.
Жоба резиденті дайындаған толық материал төменде көрсетілген: