Автор: Жанат Қайырғожина
Ментор: Риза Иса
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылы Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың 71,3%-ы жөндеуді қажет ететінін хабарлаған еді.
Жалпы, БҚО-дағы жолдардың сын көтермейтіні және сапасы бойынша өңірлер арасында ең соңғы орында тұрғаны рас. Осы олқылықты жою үшін БҚО әкімдігі жол құрылысына қомақты қаржы бөледі. Айталық, 2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 34,8 млрд теңге бөлінген. Осы қаражатқа 250,8 шақырым жол жөнделген. Оның ішінде 41,5 шақырым жол қайта жаңғыртудан өтсе, 103,8 шақырым жол күрделі жөнделген. Ал қалған бөлігіне орташа жөндеу жүргізілген.
Жол құрылысына қатысы бар және жолдың жәйін жиі қозғап жүрген бірнеше маманға сұрақтар қойдық. Сарапшылардың бірі сапалы жол салыну үшін БҚО өзінде жолға қажетті битум, цемент секілді құрылыс материалдарын өзімізде өңдіруді қолға алу керек десе, екінші сарапшы жол салуға қажетті мамандарды дұрыстап іріктеу қажет, оқыту қажет дейді. Ал қоғам белсенділері не дейді? Жолға бөлінген қаржыны қалай қадағалауға болады. Бұл туралы толығырақ материалдан оқып біле аласыздар
Жоба резиденті дайындаған толық материалды келесі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://sarapshy.info/b-o-da-sapaly-zhol-salu-a-ne-kedergi/