Автор: Нұрлыбек Рахманов
Ментор: Жұлдыз Әбділда
Sarapshy.info сайтында жарық көрген сараптамалық мақалада Батыс Қазақстан облысындағы сұйытылған газ тапшылығының нақты себептері мен оны шешудің тәжірибеге негізделген жолдары талданады. Автор Нұрлыбек Рахманов мәселені зерттеу мақсатында Атырау және Маңғыстау облыстарына арнайы барып, өңірлік жүйелердің қалай жұмыс істейтінін салыстырады.
Мақалада БҚО-ға бөлінетін газ көлемінің жеткіліксіздігі, лимиттің ерте таусылуы, заңдастырылмаған көліктердің көбеюі сияқты факторлар тапшылыққа әкеліп отырғаны нақты деректермен көрсетілген. Сонымен қатар «Жайықмұнай» зауытының қуаты өңір сұранысын толық қамти алмайтыны анық айтылады.
Автор мәселенің шешімі ретінде үш ұсыныс ұсынады: біріншісі — БҚО-ға бөлінетін газ көлемін арттыру; екіншісі — «Жайықмұнай» өнімін алдымен өңір қажеттілігіне бағыттау және зауыт қуатын арттыру; үшіншісі — газ қондырғылары бар көліктерді заңдастыруды міндеттеу арқылы әділ лимит бөлуді жолға қою.
Жоба резиденті дайындаған материалдар: https://sarapshy.info/b-o-da-y-gaz-tapshyly-yn-alaj-sheshuge-bolady-video/