Автор: Андрей Скиба
Ментор: Анатолий Иванов-Вайскопф
Өткен жылы Қазақстанның 12 өңірінде су тасқынына байланысты 12 000-нан астам үйді су басты. Дәл бір жыл бұрын Қостанай облысында да осындай ауыр жағдай орын алған болатын. Ол кезде тек жекеменшік үйлер ғана емес, көпірлер мен жолдар да су астында қалды. Биылғы көктемде Ақмола облысын су басып жатыр. Республикалық БАҚ-тардың хабарлауынша, онда тіпті жол талғамайтын көлік суға кетіп, жүргізушісі қаза тапқан.
Табиғи апатты тоқтату мүмкін бе, әлде ең болмағанда оның салдарын азайтуға бола ма? Наурыз айы бойы «НГ» тілшілері осы сұраққа жауап іздеп, зардап шеккен тұрғындармен сөйлесіп, мамандардан пікір алды. Бұл күрделі мәселеге қатысты барлық мүмкін шешімдерді қарастырған көлемді материалды назарыңызға ұсынамыз.
*Мақаланың түпнұсқасы орыс тілінде жазылған
Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=55635