Тамшылатып суару әдісі су тапшылығын шеше ме?

Тамшылатып суару әдісі су тапшылығын шеше ме?
Автор: Ердәулет Қалиев  
Ментор: Жұлдыз Әбділда
 
Қызылорда – шаруашылығы суға қарап тұрған облыстың бірі. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы ежелден суға тәуелді дақылдарға, соның ішінде күрішке арқа сүйейді. Кейінгі жылдары Сырдарияның суы азайып, жердің тұздануы күшейіп, суару жүйелерінің тиімсіздігі бұрынғыдан да күрделене түсті. Мемлекет басшысы өнімділікті екі есеге арттыру міндетін қойса, облыс әкімдігі су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында жоспар  жасап  жатыр.
 
Су ресурсын аз да болсын сақтаудың балама жолы – су үнемдеу технологияларымен жұмыс істеу. Соның ішінде тамшылатып суару – қазіргі жағдайда ең үнемді тәсілдің бірі. Бұл әдісте су арнайы жүйе арқылы өсімдіктің тамырына біртіндеп беріледі. Нәтижесінде, судың ысырап болуы, булану мен жерге сіңіп кету шығыны едәуір азаяды.
 

Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз: https://halyqline.kz/masele/tamshylatyp-swarw-aedisi-sw-tapshylyghyn-sheshe-me/

>