Тастөсеуіш пен люк өндірісі: Қарағандыдағы кәсіпорынның пластикті кәдеге жарату тәжірибесі

Тастөсеуіш пен люк өндірісі: Қарағандыдағы кәсіпорынның пластикті кәдеге жарату тәжірибесі

Автор: Балжан Смаилова

Ментор: Елнұр Әлімова

Пластмасса өнімдер күнделікті өмірде жиі қолданылады. Олар ұзақ сақталып, өздігінен шірімейді, салдарынан экологияға тигізер зардабы орасан зор. Қазіргі таңда елімізде пластик қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі өзекті болып тұр.

Шешім – пластиктерді арнайы экопунктерге тапсырып, оны қайта өңдеуге өткізу. Бұл экономикалық әрі экологиялық тұрғыдан тиімді. Астана, Алматы, Қарағандыда қайта өңдеуге жататын материалдарды қабылдап, оны қоқыс өңдейтін кәсіпорындарға өткізетін пункттер бар. Қарағандыдағы экобекет қоқысты қабылдап қана қоймай, оларды қайта өңдеуге де маманданған. Өндіріс орнында пластиктерден люк, тастөсеуіш жасап шығарылады.

Жоба резиденті дайындаған толық материалды төмендегі сілтемеден оқи аласыз: https://inbusiness.kz/kz/news/tastoseuish-pen-lyuk-ondirisi-karagandydagy-kasiporynnyn-plastikti-kadege-zharatu-tazhiribesi

>