Теңіз табанын көгалдандыру мәселенің шешімі бола ма?

Теңіз табанын көгалдандыру мәселенің шешімі бола ма?
Автор: Азамат Абимолда
Ментор: Риза Иса
 
Әлемді алаңдатып отырған ірі экологиялық мәселелердің бірі - Арал теңізінің тартылуы. Қазірдің өзінде жыл сайын теңіз табанынан ұшатын тұзды шаң 1,5 миллион шаршы шақырымға таралып, адам денсаулығына тікелей қауіп төндіруде. Экологиялық апат аймағы ретінде танылған облыс тұрғындарының жалақысына үстемақы қосып, бұл өңірдің тағдырын тек қаржылық қолдаумен емес, жүйелі әрі тұрақты шешіммен реттелуі тиіс.

Сол шешімнің бірі - Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру жобасы. Ондаған жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан бұл бастама бүгінде Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен әрекетімен ауқымды жұмысқа айналды. Шөлге бейімделген сексеуіл мен басқа да өсімдіктер отырғызу арқылы шөлейттену мен тұзды дауылдың алдын алу көзделуде. Ғылыми негізге сүйенген бұл жоба - экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге жасалған үмітті қадам.

Жоба резиденті дайындаған толық материалды келесі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://aqmeshit-zhastary.kz/saraptama/tengiz-tabanyn-koegaldandyrw-maeselening-sheshimi-bola-ma-111982/

 

>