«Судың да сұрауы бар». Су үнемдеу мәдениетінің қалыптаспауына не кедергі?

«Судың да сұрауы бар». Су үнемдеу мәдениетінің қалыптаспауына не кедергі?

Автор: Сымбат Наухан

Ментор: Риза Иса 

Судың шегі бар екенін ұмытып барамыз ба? Краннан аққан әр тамшыны шексіз байлыққа балап, ысырапқа салынғанымыз рас. Бірақ шындық мынау: Қазақстан суды ең көп тұтынатын елдердің қатарында тұр, ал болашақта бұл — ел қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіруі мүмкін.

Президент Тоқаевтың өзі 2050 жылға қарай еліміз "суға өте мұқтаж мемлекетке" айналуы мүмкін екенін ашық айтты. Бұған себеп көп: тозығы жеткен құбырлар, ескірген инфрақұрылым, тазартылмаған қалдық сулар, бірақ ең бастысы — суға деген бұқаралық мәдениеттің жоқтығы.

Мақалада су мәселесінің қайдан шыққаны, неге халық суды үнемдемейді, қандай жобалар қолға алынғаны және шетел тәжірибесімен салыстырғанда біз неге артта қалғанымыз сөз болады. Сонымен қатар Алматы тұрғындарының пікірі мен ұсыныстары, студенттер мен экологтардың нақты шешімдері, жаңа айыппұл жүйесі және су саясатындағы өзгерістер де қамтылады.

Жоба резиденті дайындаған толық материалды келесі сілтеме арқылы оқи аласыз: https://adyrna.kz/index.php/kk/post/1235400

 

>