Автор: Айша Алдаяр
Ментор: Мадина Алимханова
Қазақстанда да, бүкіл әлемде де аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалардың саны артып келеді – халықаралық статистика бойынша әрбір 36-шы бала осындай ерекшелікпен дүниеге келеді. Ата-аналар балаларының көзге тіке қарамайтынын, есіміне жауап бермей немесе сөйлемейтінін барған сайын жиі байқай бастады. Бірақ жағдайды түсінуге тырысқанда олар кешігіп жасалатын диагностикаға және жүйелі қолдаудың жоқтығына тап болады.
Бұл жол әдетте алаңдаушылықтан, жалғыздықтан және жауаптарды интернеттен іздеуден басталады. Ал ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанның мектептері мен балабақшаларында қазірдің өзінде 2,4 мыңнан астам аутизмі бар бала білім алып жүр. Билік инклюзивті желіні кеңейтіп, педагогтарды оқытуда екенін мәлімдегенімен, мамандардың тапшылығы өзекті мәселе болып қалуда.
Orda.kz Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және аутизмі бар балалардың отбасылары осы жолда қандай қиындықтарға тап болатынын зерттеп көрді.
*Мақалалардың түпнұсқасы орыс тілінде жазылған
Жоба резиденті дайындаған материалдарды төмендегі сілтемелер арқылы оқи аласыз: